20:42 20 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Мәйітхананың архивтегі суреті

Қостанай облысында жоғалған жігіттің денесі табылды

© AFP 2018 / SANJAY KANOJIA
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
346 0 0

Игорьді досының үйінен шығып кеткеннен кейін ешкім көрмеген

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қостанай облысында жоғалған 27 жастағы жігіттің денесі табылғанын оның әпкесі Нина Корякина хабарлады, деп жазды alau.kz.

 

Лисаков тұрғыны 28 қаңтардан бері іздеуде болған. Әпкесінің айтуынша, ол Горняцкий елді мекеніндегі досына барған. Кейінірек досы хабарласып, Игорь кетіп қалғанын айтыпты. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды.  

"8 ақпанда полициядан қоңырау шалып, бізді мәйітті тануға шақырды. Бауырым көз жұмды. Қазаның себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады Нина Корякина.


Загрузка...

Басты тақырып