04:44 18 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.12
  • EUR409.67
  • RUB5.33
Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото

Шымкентте бір отбасыны қырып салған қанішердің кім екені анықталды

© AFP 2018 / PAUL J. RICHARDS
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
139101

Шымкенттегі үйлердің бірінде бірнеше күн бұрын әйел мен оның екі ұлының денесі табылды

АСТАНА, 12 ақпан— Sputnik. Шымкентте үш адамды өлтірді деген күдікпен 1991 жылы туған жігіт ұсталды, деп хабарлады TVK арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, күдікті кеше Тараз теміржол вокзалында ұсталған.  

Күдікті отбасындағы үлкен ұлдың досы болған, олар Dota киберспорт ойынына әуестеніпті. Күдіктінің өзінің айтуынша, досы таяуда дүкеннен қымбат компьютер процессорын сатып алған кезде онымен бірге болған. Қаскүнем үйге соны ұрлау үшін кірген болуы мүмкін.     

БАҚ-тың мәліметінше, ұсталған жігіт алдымен үйді айнала шолып шыққан, іште ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң ол қақпадан қарғып түскен. 

Алайда үйде досының анасы болған, ол әйелді кастетпен ұрып өлтіріпті. Осы кезде үйге кіріп келген үлкен ұлды, яғни өзінің досын үстелдегі пышақпен өлтірген. 13 жастағы кіші ұлды күдікті тұншықтырып тастаған. 

Естеріңізге салайық, Шымкенттегі үйлердің бірінен үш мәйіт табылған болатын. Трагедия 8 ақпан күні қаланың Абай ауданында болған.      


Басты тақырыптар