05:06 22 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.71
  • EUR411.53
  • RUB5.38
Қолына кісен салынған адам

Өз көлігінің "багажнигінен" табылған ауыл тұрғынын кім өртегені анықталды

© AFP 2018 / HECTOR MATA
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
714 0 0

33 жастағы жігітті көлікпен бірге өртеп жіберген күдікті құрықталды

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Шымкентте өз көлігінің жүксалғышынан табылған ауыл тұрғынын өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды, деп хабарлады TVK арнасы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 ақпанында өзен жағасында өртенген автокөліктің жүксалғышынан белгісіз азаматтың мәйіті табылған болатын. Қазығұрт ауданы Маятас ауылының тұрғыны жоғалып кеткенін бір күн бұрын полицияға туыстары хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері 1984 жылы туған Шымкент тұрғынын облыстың басқа ауданында өлтіріп кеткені белгілі болды.    

 Аталған жайт негізінде "Кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалып, арнайы сараптама да тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, ұсталды. Ауыр қылмысқа қатысы бар тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр.


Кілт сөздер:
кісі өлтіру, Шымкент

Басты тақырыптар