10:23 24 Мамыр 2018
Тікелей эфир
ЖЭС

Еліміздегі ауасы ең лас қалалар белгілі болды

© Sputnik / Эмиль Садыров
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Қазақстанның жеті елді мекенінде ауа ластануы ең жоғары деңгейіне жеткен

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. ҚР  Энергетика министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылғы экологиялық мониторингтің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бір жыл ішінде 49 елді мекенде мониторинг жүргізілді, оның ішінде 32 елді мекен ластанудың "төменгі" деңгейіне, 10 елді мекен ауа ластануы деңгейінің "жоғарылаған" класына және 7 елді мекен ауа ластануы деңгейінің "жоғары" класына жатқызылды.

Ластанудың жоғары деңгейдегі қалалары: Жезқазған, Қаратау, Қарағанды, Шымкент, Теміртау, Өскемен және Глубокое кенті.

Ластанудың жоғарылаған деңгейіндегі қалалар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жаңатас, Семей, Риддер, Тараз, Ақтау, Балқаш, Шу.

Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Степногор, Ақсай, Арқалық, Жітіқара, Зырянов, Кентау, Лисаковск, Рудный, Саран, Қостанай, Түркістан, Орал, Көкшетау, Атырау, Петропавл, Ақсу, Қызылорда, Павлодар, Жаңаөзен, Құлсары, Екібастұз, Талдықорған қалалары және Березовка, Бейнеу, Ақай, Төретам, Қордай, Сарыбұлақ, Январцево, Қарабалық кенттері, "Бурабай" КФМС мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

2016 жылмен салыстырғанда  атмосфералық ауа ластануының деңгейі Алматы, Астана, Қызылорда, Балқаш және Бейнеу мен Ақай ауылдарында төмендеп, оң динамикасы бар.

Басқа елді-мекендерде  ластану деңгейі 2016 жылғы деңгейде қалды.

Кілт сөздер:
экология, ластану, Қазгидромет, ҚР энергетика министрлігі

Басты тақырыптар