10:07 24 Мамыр 2018
Тікелей эфир
қан

Күйеу баласымен сөзге келіп қалған Шымкент тұрғыны жантүршігерлік қылмысқа барды

Mohammed Badra
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1639 0 0

Ауыр қылмысқа барған ер адамның бостандыққа шыққанына бір апта ғана болған

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Шымкентте қайын ағасы күйеу баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Бір апта бұрын түрмеден шыққан қайын ағасы күйеу баласымен бірге ішімдік ішкен көрінеді. Екеуара сөйлесіп отырған туыстардың арасында жанжал шығып, ақыр соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Бостандыққа шыққанына көп болмаған азамат туысын жазаламақшы болып, оған пышақ сұғып алады. Ауыр жарақат алған 34 жастағы азамат ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер көп қан жоғалтқан науқастың өмірін аман алып қала алмады. Ол операция кезінде жүрегі тоқтап, көз жұмды.

"Жарақты ауыр болған. Пышақ ішіне кірген. Келген кезде қан қысымы жоқ болатын. Көп қан жоғалтқан. Шұғыл түрде ота жасағанымен, көп қан жоғалтқандықтан, жағдайы мүшкіл еді. Операция кезінде көз жұмды", — деді бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов. 


Кілт сөздер:
күйеу баласы, қайын ағасы, пышақтап тастады, қылмыс, Шымкент

Басты тақырыптар