10:17 24 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Рухани жаңғыру

Павлодарлық сәбилер "Рухани жаңғыру" құрметіне еңбектемейтін болды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Павлодар облысы әкімі рухани жаңғыру бағдарламасын жүргізу барысында асыра сілтеген қол астындағы қызметкерлерін сынға алды

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik.  Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сынынан кейін Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аппараттық жиналыс өткізді, деп хабарлайды Pavon.kz.

"Мемлекет басшысы бағдарламаны жүзеге асыру барысында кей өңір басшылары асыра сілтеп жатқанын айтты, оның арасында біздің облыс та бар. Бәрі жақсы деп баяндама жасайсыздар, бірақ бізге ескерту айтылды", — деді Болат Бақауов орынбасары Мейрам Бегентаевқа. – Өткен жылы айтқанмын, не болса, соған араластыра бермеңіздер. Қандай шара өткізсек те, "Рухани Жаңғыру" үшін. Тіпті шығарған кітаптарыңызға ескертулер бар. Оны өздеріңізге қайтарамын", — деді облыс әкімі Болат Бақауов. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 ақпанда президент Павлодар облысы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты шектен шығып кеткенін айтқан еді. Мемлекеттік бағдарламаның логотипі қоғамдық шаралардың көбінде пайдаланылып, тіпті "Рухани жаңғыру" аясында балаларды еңбектеп жарыстыру сайысы өткен екен. 


Кілт сөздер:
Рухани жаңғыру, Болат Бақауов, Нұрсұлтан Назарбаев, Павлодар облысы

Басты тақырыптар