09:06 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Операция

Алматы тұрғыны көлік алу үшін бүйрегін сатқан

© Sputnik / Сергей Гунеев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
116 0 0

Адвокат Джохар Өтебеков Қазақстанда органдардың "қара нарығы" дамып бара жатқанын айтты

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Танымал қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков Алматыдағы бүйрек донорының өлімі туралы істің мән-жайын айтты. 

Адвокаттың айтуынша, көз жұмған ер адам екі баланың әкесі, адам органын сатып алушыны интернет арқылы тауыпты. Істің материалына сүйенсек, әуелі донор бол деп әйеліне айтқан көрінеді. Түскен ақшаны ер адам қарыздардан құтылып, көлік сатып алуға жұмсамақ болыпты. 

"2016 жылы маусымда қарыздан құтылып, көлік сатып алу үшін, күйеуі әйеліне бүйрегін сатуды ұсынып, интернетте хабарландыру жариялайды. Қарашада оларға Астанадан бір әйел хабарласып, бүйрек үшін 4 миллион теңге төлеуге дайын екенін айтқан. Ерлі-зайыптылар келісуге шешім қабылдайды. Содан кейін қаза тапқан ер адамның әйелі Астанаға барып, бүйрегінің сәйкестігін тексереді. Бір аптадан кейін тексеру нәтижесі дайын болып, бүйрегі жарамды болып шыққан", — деп Өтебеков сот қаулысынан үзінді келтіреді.

Алайда әйел адамның аяғы ауыр болғандықтан, трансплантация жасау мүмкін болмапты. Сол кезде ер адам өзі донор болуға шешім қабылдайды. Кейінірек бүйрегін 10000 долларға сатуға келісіпті.

Адвокат Қазақстанда органдар трансплантациясына қатысты ахуалды қатаң айыптайды. Сол себепті денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сауал қойды.

"Астана мен Алматының дәрігерлері қайда қарап жүр? Неге бүйрек сату соншалықты оңай? Донорларды психиатрлар неге тексермейді? Есі дұрыс адам бүйрегін көлікке айырбастай ма? Донордың құқығы Халық денсаулығы туралы кодексте, Денсаулық сақтау министрлігінің транплантология туралы хаттамасында қашан жазылып, қашан қорғалмақ? Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі тергеу нәтижелері қайда? Айыптылар кім? Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов не істеп жүр? Шаршаған ба?", — деп күйінеді Өтебеков.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Алмалы аудандық сотында бүйрек сатып алған мүгедектің бас бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шыққан екен. Кейінірек прокуратура бұған келіспей, апелляциядан алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал операция жасаған дәрігерлер жауапқа тартылмаған.

Кілт сөздер:
органдардың "қара нарығы", бүйрек доноры, трансплантация

Басты тақырыптар