00:08 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.86
  • EUR424.49
  • RUB5.60
Балабақша

Алматыда балабақшаға жолдама алу үшін бірыңғай қалалық кезекке тұру керек

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
128 0 0

Енді ата-ана балалар бақшасын бірыңғай қалалық кезегі жеткенде ғана таңдай алады

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. 2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою" жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі.

Сонымен қатар, кезекке қою процестері мен оның функцияларын және бала бақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата-ана электронды цифрлы қолтаңба алуы тиіс.

Айта кетейік, бұрын бұл қызмет басқаша жүргізілетін: қандай да бір балабақшаға кезекке тұрғызылып,  жеңілдіктің барлық категориясы бойынша кезектен тыс жолдама алуға болатын, өтініште өзгерістер болса (категория өзгерсе) өтініш беруші кезектен алынып, жеңілдік бойынша қайта кезекке тұратын және т.б.

Қазір open-almaty.kz жүйесі өтініш берушілерге келесі мүмкіндіктер береді: кезекке тұру үшін өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс мәліметін өзгертуге), өтінішті қайтып алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алуға, жолдаманы не үшін алғысы келетінін көрсетуге болады.

"Балабақшаға жолдама алу кезегі ата-ананың өтінішінде көрсетілгендей, баланың туған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезек бойынша жүзеге асады әрі нақтылы бір балабақша кезегі болмайды. Балалары қараша және желтоқсан айларында туған ата-аналардың өтініштері кезекке туған жылы бойынша қойылады. Кезекке тұру реті өтініш берілген күннен басталады", — деп атап өтті Алматы қаласының білім басқармасы.

Кілт сөздер:
бірыңғай қалалық кезек, кезекке тұру, балабақша, Алматы
Загрузка...

Басты тақырыптар