06:05 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Нәресте

ОҚО әкімі 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйлауға уәде берді

CC0 / bingngu93
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
81 0 0

Қазір облыста 2 миллион 928 мың адам тұрады

АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдің 3 миллионыншы тұрғынына баспана сыйлауға дайын. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Облыс әкімінің есептік кездесуінде тұрғындардың бірі, көп балалы ана Гүлжан Жолбарыс өңірдің 3 миллионыншы тұрғынына қандай сыйлық берілетінін сұрады. 

"Астанада, Алматыда дүниеге келген миллионыншы сәбиге пәтер беріп жатады. Біздің облыста халық саны үш миллионға жақындауда. Үш миллионыншы сәбиге сіздер не сыйлайсыздар?", — деп сұраған көп балалы ана залда отырғандарды бір күлдірді. 

"Біздің облыс республика бойынша халық ең тығыз орналасқан өңір. Облыстың үш миллионыншы сәбиін дүниеге әкелген анаға пәтер сыйлауға дайынбыз", — деді Түймебаев. 

Айта кетсек, статистика департаментінің мәліметі бойынша, ОҚО халқы 2 миллион 928 мың адамды құрайды. Өңірде жылына 75 мыңдай нәресте туатынын ескерсек, 3 миллионыншы тұрғын осы жылдың соңына қарай дүниеге келуі әбден мүмкін.

Кілт сөздер:
тұрғындар, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып