Өңірлер

Алматы облысында екі оқушы жоғалып кетті

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірімдердің бірі Талдықорғанда Тәуелсіздік күні жоғалған, екіншісі – қаңтардың басында Талға ауданында үйінен кетіп қалған

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, оқушылардың бірі – Нұрбек Сейітхан 2017 жылдың 16 желтоқсанында Талдықорғанда жоғалған, екіншісі – кәмелеттік жасқа толмаған Александра Плигина Талғар ауданы Ақтас ауылында биыл 8 қаңтарда үйінен шығып, қайта оралмапты.

Мектеп оқушыларының суреті әлеуметтік желідегі өңір полициясы парақшасында жарияланған.

© Photo : Алматы облысы ІІДАлматы облысында жоғалып кеткен оқушылар
Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар - Sputnik Қазақстан
Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар

Жоғалып кеткен жасөспірімдерді көрген жандар болса, Талдықорған қаласы ІІБ кезекші бөліміне хабарлассын: 8-7262-608067 (68), Алматы облысы ІІД іздеу бөлімі: 8-7282-608233 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Жаңалықтар
0