Өңірлер

Параның құны: Атырауда полицей сотталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-патрульдік полицияның бұрынғы қызметкері 840 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Атырауда 14 мың теңге пара алған полицей сотталды, деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

пара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында пара алып жатқан жерінде прокурорлар ұсталды

Жол полициясының батальон сержанты былтыр қараша айында Өзбекстан азаматтары мінген көлікті тоқтатқан. Көліктегі адамдар қауіпсіздік белдігін тақпапты. 

"Бұл үшін полицей оларға әкімшілік хаттама толтыратынын ескерткен. Бірақ хаттама толтырудың орнына Э. есімді жүргізушіден 14 мың теңге пара сұраған", — делінген хабарламада.

Полицей пара алғаны үшін сотталып, 840 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Әрі құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.    

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0