Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы жайында хабарланды

© AFP 2024 / NOEL CELISМедициналық тексеріс, архивтегі фото
Медициналық тексеріс, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ана мен бала орталығының бас дәрігері балаға сырқаты туралы 11-12 жасқа келгенде айтқан дұрыс деп есептейді

АСТАНА, 22 ақпан  — Sputnik.  Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 135 бала өзінің статусы туралы білген. Бұл жайында облыстық СПИД орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ана мен бала орталығының бас дәрігері Бақытжан Шәкенов айтты, деп хабарлайды centralasian.org.

ВИЧ дертіне сынақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны артты
Бақытжан Шакеновтің сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың статусы туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен хабарлайды.

"Баланың мәртебесін 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз", — дейді Бақытжан Шакенов.

Бас дәрігердің мәліметінше, бүгін де облыстық Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.


Жаңалықтар
0