Өңірлер

Алматыда BMW X6 иесі жантүршігерлік апат болған жерден жаяу қашып кетті

© SputnikҚабдолов көшесіндегі жол апаты
Қабдолов көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Седан жүргізушісі әр түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, екі көлік те қатты бүлінген

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Алматыда Қабдолов — Момышұлы көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер. 

Алматыда Toyota Corolla мен Huyndai Accent бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты
BMW X6 автокөлігі Момышұлымен, ал Toyota Carina E Қабдолов көшесімен келе жатқан. Жол апаты болған кезде бағдаршамның қызыл түсіне қай көлік өтіп кеткені әзірге белгісіз.  Toyota қатты соққыдан Момышұлы көшесінің қарсы жолағына ұшып түскен. BMW жол жиегіне шығып қалған. Екі көлік те жарамсыз күйге түскен.    

© SputnikҚабдолов көшесіндегі жол апаты
Қабдолов көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/3
Қабдолов көшесіндегі жол апаты
© SputnikҚабдолов көшесіндегі жол апаты
Қабдолов көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/3
Қабдолов көшесіндегі жол апаты
© SputnikҚабдолов көшесіндегі жол апаты
Қабдолов көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
3/3
Қабдолов көшесіндегі жол апаты
1/3
Қабдолов көшесіндегі жол апаты
2/3
Қабдолов көшесіндегі жол апаты
3/3
Қабдолов көшесіндегі жол апаты

 BMW X6 жүргізушісі апат орнынан бірден жаяу қашып кеткен. Toyota жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.  

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.   


Жаңалықтар
0