Өңірлер

Қостанайда кілтін жоғалтқан қыз пәтеріне құбырмен өрмелеп шыққан

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөпқабатты үй
Көпқабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екінші қабаттағы пәтеріне өрмелеп шықпақ болған қыз абайсызда құлап кеткен

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қостанай тұрғыны пәтерінің кілтін жоғалтып, құтқарушылар мен коммуналдық қызметтен көмек болмаған соң, пәтеріне газ құбырымен өрмелеп шыққан, деп жазады "Костанайские новости" порталы.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда баласын мектепке апарған ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

20 жастағы Татьяна Лавренева басылымға айтып бергендей, 25 ақпанда Кристина есімді құрбысының үйіне қонаққа барады. Сөйтіп, 4 жастағы науқас қызымен бәрі бірге дүкенге бет алған. Үйіне қайтып бара жатқанда қыз пәтерінің кілтін жоғалтқанын түсінеді. Қызы үйге қайтқысы келіп әрі дәрісін беретін уақыт болған екен.

Татьяна көршілерінен 112 нөміріне хабарласып, болған жайтты түсіндіріп, көмек сұрайды.

"Үйде біреу бар ма деп сұрады, ешкім жоқ екенін білгенде, ешқандай көмек бере алмаймыз деп, басқа нөмірге хабарласуға кеңес берді. Ол жер де бізді тыңдап, осындай проблеманы шешетін жеке меншік компанияға жөн сілтеді", — деп әңгімелейді Татьяна.

Фирма бұл қызмет көрсетудің 8-10 мың теңгедей тұратынын айтыпты. Қыздың ондай ақшасы болмаған.

"Сол кезде бізге "байыған кезде хабарласыңдар" деп тұтқаны қоя салды", — деп еске алады Татьяна.

Татьяна екінші қабаттағы пәтеріне газ құбырымен шықпақ болады, бірақ қолы тайып кетіп, подъездің күнқағарына құлап түсіпті. Сонда да алған бетінен қайтпай, подъездің терезесі арқылы балконға кіріп, есікті ішінен ашқан. 

Құлағаннан бері Татьянаның белі мен мойыны ауырсынып жүр екен.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда мас ер адам балалардың көзінше сүйіктісін өлтірді

"Газет-журналдарда мақтап жазып жүрген Төтенше жағдайлар қызметі көмектесудің орнына, жеке меншік компанияға жібергеніне ішің ашиды. Олар болса екінің бірі төлей алмайтын соманы сұрайды. Қатты көңілім қалды", — деп налиды қыз. 

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы Талғат Кәкімов бұл оқиғаны естіп, қызметкерлері үшін кешірім сұрады.

"Бізге есік ашып бер деп хабарласатындар көп. Мас адамдар да қоңырау шалып жатады. Сондай болмашы өтініштің бәріне бара берсек, шын мәнісінде қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқарып, өмірлеріне араша түсе алмай қалуымыз мүмкін", — дейді Талғат Кәкімов.

Ведомство атап өткендей, мұндай қоңыраулар күніне он мәрте түсіп тұрады екен.

Жаңалықтар
0