12:33 26 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD378.60
  • EUR417.75
  • RUB6.13
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2031 0 0

Екібастұз тұрғыны өзін, әпкесін және анасын қорлап келген ер адамды өлтіргені үшін сотталды

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Екібастұзда әйел өзін, әпкесін және анасын ұзақ жылдар бойы қорлап келген өгей әкесін өлтірді, деп хабарлайды Павлодар облыстық соты.  

Ол анасы жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылғанын естігеннен кейін ер адамның басынан және денесінен арматурамен бірнеше рет ұрған. Әйел қылмысты қатты ашу үстінде (физиологиялық аффект) жасаған.

Қылмысты іс материалы бойынша, қаза тапқан ер адам отбасы мүшелерін қорлап, күш қолданып келген.    

Екібастұз қалалық сотында әйел Қылмыстық кодекстің 101-бабы (Ашу үстінде кісі өлтіру) бойынша өз кінәсін мойындады.    

 Ұл тәрбиелеп отырған әйелге бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді.  Сот қылмыстың ауырлығын және іс бойынша жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерді.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.   


Кілт сөздер:
өгей әке, күйзеліс, кісі өлтіру, Екібастұз
Загрузка...

Басты тақырып