Өңірлер

Шымкентте асылып қалған баланың ісіне қатысты 17 жасар оқушы қамауға алынды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутергеу изоляторы, архив
тергеу изоляторы, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушының үстінен қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Шымкентте мектептегі әлімжеттікке қатысты 17 жасар оқушы қамауға алынды, деп хабарлайды otyrar.kz. 

жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсеткен бозбала ақталды

10 ақпан күні қаладағы №83 мектептің оқушысы өз үйінің ауласындағы сарайда асылып қайтыс болған еді. Өз-өзін өлімге қиған жасөспірімнің қалтасынан жыртылған қағаз табылған болатын. Туыстары онда бірнеше адамның аты-жөні жазылғанын айтқан еді. Осы жәйтке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тиісті шараларды, іздестіру жұмыстарын жүргізген-тін.

Өз-өзіне құл жұмсауға итермелеген және ақша бопсалағаны үшін № 83-ші жалпы орта мектебінің 17 жасар оқушысы қамауға алынды. Мұндай санкцияны күдіктіге қатысты Қаратау аудандық соты шығарды. Нәтижесінде осы мектепте оқитын бір балаға қатысты қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жұмыстары басталды. 

Жаңалықтар
0