04:29 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Жолда келе жатқан жүк көлігі

Көктайғақ пен су тасқыны қаупіне байланысты бірнеше жол жабылды

© Sputnik / Александр Кряжев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
82 0 0

Еліміздің шығысында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан ондаған үй су астында қалды

АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайты.  

Су тасқыны және жол төсемін шайып кету қаупіне байланысты 11 наурыздан бастап республикалық маңызы бар Қарағанды — Аягөз — Бұғаз (528-704-ші километр, Баршатас ауылынан Аягөз қаласына дейін) автожолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ облыстық маңызы бар Аягөз — Қарауыл — Семей — Қайнар автожолы жабылды.  

Көктайғаққа байланысты Алматы — Өскемен (967-778-ші километр, Қалбатау ауылынан Аягөз қаласына дейін) трассасында қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.    

Күршім — Қалжыр — Бурабай — Маралиха облыстық маңызы бар автожол телімінде су тасқыны жағдайына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін жол жабылды.  

Күшті жел мен жауын-шашынға байланысты республикалық маңыздағы Өскемен — Зырян — Катон-Қарағай — Рахман қайнары (4-166-ші километр, Ушанов ауылынан Зырян қаласына дейін) автожол телімінде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.  


Кілт сөздер:
су тасқыны, көктайғақ, жолдар жабылды, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар