09:50 20 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD339.95
  • EUR392.64
  • RUB5.30
Тапанша

Ақтөбедегі атыс: полиция қылмыскерді іздеп жатыр

© Sputnik / Руслан Кривобок
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
120 0 0

Белгісіз біреу супермаркет жанында оқ ата бастаған, бір адам жарақат алды

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Ақтөбе полициясы тұрғын үй ауласында кеше кешкісін болған атысқа қатысты мәлімет берді.

Атыс салдарынан 25 жастағы азамат жарақат алды. 

"11 наурызда сағат 8.05 кезінде Абай даңғылында орналасқан "Анвар" супермаркеті жанындағы үй ауласында белгісіз бір тұлға травматикалық қарумен Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына оқ атты", — делінген Ақтөбе облысының ІІД.

ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалған.

Ақтөбе полициясы бұл қылмыс туралы қандайда бір мәлімет болса, келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 102, 729-609, 55-78-24, 729-601.

Кілт сөздер:
іздеу шаралары, полиция, қылмыскер, атыс, Ақтөбе

Басты тақырыптар