Өңірлер

Жеті облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Александр Кряжев/Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуқар мен ағын су, архив суреті
қар мен ағын су, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жауын-шашынның мол түсіп, ауа температурасының жоғарылауына байланысты бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Алдағы үш күнге жеті облыс пен Алматы қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

14-16 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты өңірдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар еруі мүмкін. 

14-16 наурызда Қызылорда облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігінде өзен арналары қысылып, су деңгейі жоғарылап, алқаптарға су жайылуы ықтимал. 

16 наурызда Алматы облысы және Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұдан бөлек жылы ауа температурасының сақталуы өзен арналарының қысылуы мен мұздықтардың жібуіне әкеледі (Алматы облысында). Жазық аудандарда қар еріп, ал таулы аудандарда баурайлы ағындар қалыптасып, су деңгейі жоғарылайды деп болжанып отыр. 

14 ші наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 


Жаңалықтар
0