09:50 20 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD339.95
  • EUR392.64
  • RUB5.30
Хиджабтағы мектеп оқушысының архивтегі фотосы

Ақтөбеде қыздары мектепте орамал тағатын ата-аналарға айыппұл салына бастады

© Sputnik / Саид Царнаев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

ҚР Әкімшілік кодексінің 409-бабы 2-тармағы негізінде 18 ата-анаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында 88 білім ошағында мектептің киім үлгісін сақтамайтын 340 оқушы анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтты.

"Осы жылдың басындағы мониторинг барысында облыстың 88 мектебінде мектептің киім үлгісін сақтамайтын 340 оқушы анықталды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 13 наурызда мектепке жоғарыда аталғандардың қатарындағы 268 оқушы мектептік киім үлгісімен келе бастады, 32-сі басқа өңірге көшіп кетті. 72 ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", — деді Оразбаева. 

Мектептің киім үлгісін сақтамайтын оқушылардың ата-аналары білім ұйымдарының басшыларын сотқа берген. Ақтөбе қаласының соты Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарының мектептеріне және Ақтөбе қаласының №№ 8, 13, 23, 36, 40, 48, 49, 60, 62 мектептеріне қатысты ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырмады. Хромтау ауданы ата-аналарының талап-арызы сотта қаралуда. 

Бұл мәселе Ақтөбе облысының Білім сапасын бақылау департаментінің бақылауында. 

"Ақтөбе облысының білім сапасын бақылау департаменті ҚР Әкімшілік кодексінің 409-бабы 2-тармағы негізінде 18 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Тағы да 4 әкімшілік іс қаралуда", — деді Ақтөбе облыстық  білім сапасын бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы Жанат Мұхамбеталина.

Кілт сөздер:
айыппұл, хиджаб, Ақтөбе облысы

Басты тақырыптар