Өңірлер

Әжейді немересімен бірге полицияға күштеп жеткізді – баланың өкілі

© Sputnik / Серикжан КовланбаевВокзал
Вокзал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрманғазы Мүсір Алматыға немересімен бірге жол тартқан әже қоңырау шалып, көмек сұрағанын айтты

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баланың ресми өкілі Құрманғазы Мүсір баланы әжесімен бірге Шымкент — Алматы бағытындағы пойыздан түсіріп алып, ОҚО ішкі істер департаментіне жеткізген полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне түсініктеме берді.    

Баланың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Шалбарынан әшуін шығарды". Сарыағаштағы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты
"Мен, Құрманғазы Мүсір кәмелетке толмаған баланың, оның отбасы мен әжесінің ресми өкілімін. Алматыда тәуелсіз сот-медициналық сараптамадан өтуді жоспарлаған едік, алайда ІІД бастығы Дәлбековтың басқаруындағы полиция зардап шегушілерді (әжейді баласымен – ескерт.) еркінен тыс ІІД ғимаратына жеткізіп, оларға өздеріне түсініксіз құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі. Менің кәмелетке толмаған сенім білдірушімді қайда жеткізгені жайлы жақ ашпай отыр", — деп хабарлады Мүсір. 

Ал облыстық ІІД қызметкерлері оларды пойыздан баланың қауіпсіздігі үшін түсіріп алдық деп отыр.  

Полицияның мәліметінше, ІІД-ге отбасы, балалар мен жастар істері басқармасынан зардап шегуші баланы оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы өтініш түскен.    


Жаңалықтар
0