01:37 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Балалар

Атырауда теріс діни ағымда жүргендер балабақша ашып жатыр

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
84901

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметін ешкім бақыламайды, деп отыр облыстық дін істері басқармасы

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Атырауда деструктивті діни ағымды ұстанушылар балабақша ашып жатыр. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің қызметін ешкім бақыламайды екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Қошқалиев мәлім етті, деп жазады "Мой город" порталы.

"Бүгінде мұндай балабақшалардың Нұрсая шағын ауданында, Сейфуллин көшесінде және қаланың тағы бірнеше жерінде ашылғаны белгілі болып отыр. Мұндай балабақшаларды ашу үшін лизенция керек емес, тіпті олардың қызметін бақылайтын – педагогтарды тексеріп, оқу процесін, әдістемесін бақылайтын орган да жоқ. Қазір мүмкіндігі бар кез келген адам тек білім мекемесі ретінде есепте тұратын және мемлекеттен дотация алатын жекеменшік балабақша немесе шағын орталық аша алады", — дейді Қошқалиев. 

Оның айтуынша, облыстық дін істері басқармасының мамандары дін істері министрлігіне балабақшалар мен басқа да мектепке дейінгі мекемелер үшін қайтадан лицензия енгізіп, бұл бағытты өз бақылауына алу өтінішімен хат жолдаған. 

"Бүлдіршіндерімізді балабақшаға берген кезде, біз олардың болашағы үшін, сол мекемеде алып жатқан білімі мен насихатталып жатқан идеология үшін алаңдамауымыз керек. Сондықтан бұл мәселе қатаң бақылауға алынуы тиіс", — деді Қошқалиев.

Кілт сөздер:
теріс ағым, балабақша, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып