19:07 16 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданының атауы өзгереді

ОҚО-да Түлкібас ауданының тарихи атауы қайтарылады

© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
403 0 0

Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізілді

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттары Түлкібас ауданының атауын Түркібасы деп өзгерту бастамасын қолдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын "Түркібасы" деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтты.

Сессия барысында республикалық ономастика комиссиясының қарауына Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізілген еді. 

"Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи атауы бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібасы атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын. Аталған мәселе бойынша облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат тиісті шешім шығарып, облыстық ономастикалық комиссияда қаралды. Соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайтын болады", — деді Жансейіт Түймебаев.

Кілт сөздер:
ономастика, атауы өзгереді, аудан, Жансейіт Түймебаев, Түркібасы, Түлкібас, ОҚО
Загрузка...

Басты тақырып