Өңірлер

Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

CC0 / Bernd Schray / Қарт адам, архивтегі фото
Қарт адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс басшысы Төрегелді Шармановқа алғыс хат табыс етіп, медицина саласына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Бүгін оңтүстікке ҚР Тағамтану академиясының президенті профессор, академик Төрегелді Шарманов іссапармен келді. Білікті дәрігер күнгейдегі емхана мен аурухана дәрігерлерінің басын қосып, арнайы форум өткізді, деп жазды otyrar.kz. 

Вегетарианские блины: просто, быстро и полезно - Sputnik Қазақстан
Құймақ дайындау: жылдам, пайдалы әрі дәмді
Сондай-ақ, шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі қатысты. Облыс басшысы Төрегелді Шармановқа алғыс хат табыс етіп, медицина саласына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Жиын барысында профессор жиналған қауымға ұзақ өмір сүрудің құпиясы, салауатты өмір салтын ұстаудағы басты қажеттіліктерді түсіндіріп берді.

Жиында сөз алған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы 2018 жылды "Денсаулық жылы" деп жарияланғанын мәлімдеді. Кеш қонақтары үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Мұнда ағзаға пайдалы тағамдармен сұлулық тауарлары және денсаулық сақтау саласына қатысты ғылыми тәжірбиелік  жобалар қойылған. Көпшілікті қоспасыз жасалған отандық өнімдер қызықтырды.


Жаңалықтар
0