Өңірлер

Шығыс Қазақстанға сары қар жауды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зыряндағы жасыл қардың солтүстік Африкадағы шаңды дауылмен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз

АСТАНА, 27 наурыз  — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданына сары қар жауды. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде қардың суретін жариялады. Кейбіреулер бұған коммунальдық қызметтердің көшеге себетін тұз бен құм аралас қоспасы себеп болуы мүмкін екенін айтып жатыр. 

Түтін - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елордалық экологтар Теміртаудағы "қара" қарды тексермек

"Біз мұндай қоспа жасамаймыз, оның үстіне сары қар қалаға ғана емес, таяу маңдағы ауылдарға да жауды", — дейді коммунальдық кәсіпорынның директоры Сергей Смирнов. 

"Устинка LIVE" порталының мәліметінше, қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары қардың неліктен сары түске боялғанын облыс орталығындағы зертханада анықтауға болатынын айтқан.    

Өткен жұмада сары түсті қар Ресейдің Сочи қаласына жауды. Мамандар мұны солтүстік Африкадағы шаңды дауылмен байланыстырды. Құм түстес қар Украинаның  Измаил қаласына да жауған.  

Қазақстандағы ерекше қардың осы жағдайлармен байланыс бар-жоғы әзірге белгісіз.  


Жаңалықтар
0