14:33 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Мас ер адам қарумен балконға шығып, құмда ойнап отырған балаға оқ атқан

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Теміртау соты мас күйінде балаға екі рет оқ атқан 33 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай, былтыр 24 тамызда сотталушы танысымен бірге пәтерінде ішімдік ішіп отырады. Ер адамдар үшінші қабаттағы балконға темекі тарту үшін шыққан. Сол кезде айыпталушы құмда ойнап отырған екі баланы көреді.

Ер адам пневматикалық қаруын алып шығып, қорғасын оқпен оқтайды да, жеті жасар баланы атады. Бастапқы да оқ балаға тимейді.

Алайда сотталушы онымен тоқталмай, қаруды қайта оқтап, қайта атқан. Бұл жолы оқ баланың кеудесіне тиіп, өкпесіне зақым келтіреді. Жеті жасар жеткіншек ауруханаға жатқызылған.

Ер адам қылмыс орнынан қашып кетіп, алайда кейін кінәсін мойындау туралы келісім жасасыпты.

Іс Теміртау қалалық сотында қаралды. Судья Талғат Елеуов теміртаулықтың шын жүректен өкініп, шығынды өтегенін ескеріпті. Әрі ер адам бұрын-соңды сотталмаған екен. 

Сөйтіп, айыпталушы бес жылға шартты түрде сотталып, сот залында қамаудан босатылды.

Кілт сөздер:
балаға оқ атқан, Теміртау
Загрузка...

Басты тақырып