Өңірлер

Ақмола облыстық сотында жасөспірімді соққыға жыққан әкімнің ісі қаралып жатыр

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот талқылауы "Денсаулыққа қасақана жеңіл-желпі зиян келтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қорғалжын ауылының экс-әкімі жасөспірімді соққыға жықты деген күдікке ілініп, ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлады Ақмола облыстық соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада мас әкесі соққыға жыққан қыз ауруханаға түсті

Қорғалжын ауданы полициясы кәмелеттік жасқа толмаған балаға дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, кейін тоқтатқан болатын. Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, баланың денсаулығына жеңіл-желпі зиян келген. "Денсаулығына қасақана жеңіл-желпі зиян келтіру" бабы 2017 жылы Қылмыстық кодекстен алынып тасталғандықтан, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал күдікті экс-әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Қорғалжын аудандық сотына жіберілген. Енді сот талқылауы басталды. 

Жасөспірімнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Баланың анасы айтқандай, 2018 жылы 22 ақпанда жасөспірім Омаровтың 12 жастағы ұлын ұрып-соғыпты. Содан кейін әкім интернатқа барып, әйелдің ұлын соққыға жыққан көрінеді. Бала есінен танып, аудандық ауруханаға түскен. 25 ақпанда оны елордалық ауруханаға ауыстырды.

Жаңалықтар
0