Өңірлер

Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуқатты жел
қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты жел соғып, көктайғақ, тұман болады

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Синоптиктер Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

30 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады.

30-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жел соғып, тұман түсуі ықтимал. 

30-31 наурыз күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 30-ы күндіз, 31 наурызда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болады. 

Тараз қаласында 30-31 наурызда қатты жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. 


Жаңалықтар
0