07:23 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Су басу

Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

© Photo : пресс-служба ДЧС ВКО
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Шығыс Қазақстан облысында 33 елді мекенді су басып кетті

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Семейде қала әкімінің бұйрығымен жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Құрылған жұмыс комиссиясы қаланы аралап, материалдық шығынды есептейді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі.

Бастапқы деректер бойынша, Семейде Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп 141 тұрғын үй мен 596 саяжай үйін су басып кетті. 220-дан астам адам эвакуацияланған. Мұның бәрі саяжай тұрғындары.

Тәулік ішінде ШҚО аумағында апаттық-құтқару шараларына 500 адам жұмылдырылған. Су басу аумақтарында 116 техника, 54 су айдайтын құрал, 7 жүзу құралы пайдаланылды. 

Соңғы деректерге сүйенсек, облыста 33 елді мекенді су басып кеткен. 


Кілт сөздер:
төтенше жағдай, су басу, ШҚО
Загрузка...

Басты тақырып