Өңірлер

ОҚО-да адам өлтірген әйел бір жылға сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот отырысы, архивтегі фото
Сот отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот шешімімен марқұмның туыстары мүлдем келіспей отыр

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында танысын пышақтап өлтірген келіншек бір жылға ғана сотталды. Өйткені ол мұндай қадамға қорғану үшін барған. Сондай-ақ айыпталушы марқұм болған азаматтан бірнеше мәрте қысым көріп келген. Осыны ескерген судьялар келіншектің жазасын біршама жеңілдетті. Алайда сот шешімімен марқұмның туыстары мүлдем келіспейді, деп хабарлады TVK.

Жол апаты болған жер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Тергеу шаралары барысында Дильноза Мирзалиеваға Фарух Камиловты пышақтап өлтірді деген айып тағылған болатын. Алайда, судья сотталушының өзін-өзі қорғанғанын, талай рет қысым көргенін, тіпті еріксіз жыныстық қатынасқа түскенін ескерген. Бұдан бөлек, Дильноза бірнеше рет полицейлердің де көмегіне жүгінген.

"Жәбірленуші Фарух Камилов соңғы үш жылдың ішінде бірнеше рет сотталушының үйіне келіп талай рет ұрыс шығарған. Оны полиция қызметкерлері қуаттады. Өйткені, 102-ге 7-8 рет көмек сұрап, яғни Камиловқа арызданып қоңырау шалған. Олар бастапқыда бірге тұрған. Ата аналары рұқсат бермегендіктен, Мирзалиева оны алшақтатпақшы болған. Алайда, жәбірленуші оған тыныштық бермеген", — дейді ОҚО қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбінұр Қарабаев.

Нәтижесінде судья нәзік жандыға тағылған айыпты кісі өлтіру бабынан, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру бабына ауыстырды.

"Мұндай қылмыстар 102-баппен сараланады. Бұл жерде жәбірленушілер сотталушыға кешірім бермегендіктен, сот Мирзалиеваға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деп түсіндірді Қарабаев.

Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда кәсіпкер әйелді өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды

Ал жәбірленушінің туыстары сотталушыға ауыр жаза тағайындауды сұрайды. Өйткені, олар 28 жасар азаматымыздан айырылдық деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға 2017 жылдың қазан айында болған. Нақтырақ айтар болсақ, жәбірленуші сотталушының үйінде жалғыз екендігін біліп, 29 қазан күні түнгі уақытта барған. Сол уақытта сыртқа шыққан Дильнозаға бас салып, еріксіз зорлық-зомбылық көрсеткен. Опасыздыққа шыдай алмаған нәзік жанды оның денесіне бірнеше мәрте пышақ ұрған. Салдарынан Камилов оқиға орнында көз жұмған.


Жаңалықтар
0