Өңірлер

Ақмола облысында аялдамадан ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Ирина СемибратоваЖедел жәрдемнің архивтегі фотосы
Жедел жәрдемнің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ер адам өзі жұмыс істеген шаруа қожалығында ұрлық жасады деген күдікке ілінгенін анықтады

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды, қылмысты жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.    

Көптеген соққы ізі бар ер адамның мәйіті 3 сәуір күні Бурабай ауданы аумағынан, Жарқайың ауылына жақын маңнан табылған. Қаза болған адамның кім екені белгілі болды, ол Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.  

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да танысын ұрып өлтірген жігіт сотталды
Жедел қызметкерлер қылмысты ашуға бағытталған іздеу шаралары кешенін жүргізді. Зардап шегуші Жарқайың ауылындағы шаруа қожалығында жұмысшы болып істегені анықталды. Сол жақта оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шаруа қожалығы басшысының 40 жастағы туысы марқұмды ұрлық жасадың деп кінәлап, ұрып өлтіргенін анықтады. Содан кейін оны қожалықтан алып кетіп, аялдамаға апарып тастаған.   

Қазіргі таңда ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.   


Жаңалықтар
0