00:31 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Күрмек

ОҚО-да жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адам бар кінәні әйеліне жапқан

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1199 0 0

Еркінжан Нартаев әйелін ұрып өлтіргені үшін 11 жылға сотталды

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. ОҚО Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекеніндегі мектеп мұғалімінің өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Күйеуі екі баланың анасы, 31 жастағы әйелін өзін-өзі өлтірді деген еді. Бірақ тергеу жұмыстарының нәтижесі күйеуінің мәлімдемесінің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді, деп хабарлады otyrar.kz.

Өз әйелін ұрып, қылқындырып өлтірген. Сөйтіп өзін-өзі өлтіргендей етіп көрсетуге тырысқан. Жұбайын өлтірген Еркінжан Нартаевқа сот осындай айып тақты. ОҚО мамандандырылған ауданаралық  сотында үкім оқылды.

"ҚР ҚК-нің 99-шы бабы, 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін", — деп үкімді оқыды судья Дәурен Мадалиев.

Сөйтіп өз әйелін өлтірген сотталушы енді 11 жылын темір торда өткізетін болады. Сондай-ақ, марқұмның ата-анасына 3 миллион теңге моральдық айыппұл төлейді.

Қаңтар айында марқұм әйелдің денесі өз үйінен табылған еді. Екінші қабаттағы шөп жинайтын сарайдың ішінде өзін асып қойды деген еді туыстары.  Бірақ марқұм Юлдуздың ата-анасы қызының денесінен қатыгездікпен ұрылған соққы іздерін байқайды.

Алғашында іс әйелді өзін-өзі өлтірді деп танып, қылмыс құрамы жоқ деп жабылған еді. Қоғамдық ұйымдардың араласуымен қылмыстық іс қайта қолға алынды.

"Бізге марқұмның туысы хабарласты. Суреттерді көрсетті. Онда соққы іздері көрініп тұрды. Телефон қоңырауларын тексерткенде марқұм өлер алдын бас прокуратураның сенім телефонына хабарласқаны мәлім болды. Іс материалдарымен танысып, қайта қозғауға мұрындық болдық", — дейді "Сана сезім" орталығының заңгері Лилия Халиулина.

Эксгумация жасағанда әйелдің оң жақ қабырғасы сынғаны белгілі болған. Күйеуі күдікті ретінде ұсталып, тергеу оның кінәсін толық дәлелдеген. Сот үкімі оқылған соң бұрынғы құдалардың арасында сот залында шу шыққан жоқ. 


Загрузка...

Басты тақырып