Өңірлер

Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өтеді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы теміржол вокзалы
Алматы теміржол вокзалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚТЖ хабарлағандай, екі вокзалды жөндеу жұмыстары 2020 жылға дейін аяқталады

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарында жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары туралы айтты.

жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Тұлпар-Тальгоның" кейбір пойыздарының билеті екі есе арзандайды

Алдағы жөндеу жұмыстары туралы қоғамдық кеңес отырысында ұлттық компанияның вокзал шаруашылығы бойынша атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев хабарлады. 

"Жол картасы Алматы-1 вокзалын жөндеу және қайта құруды қамтиды. Жобалық-сметалық құжатнаманы жасау 2018 жылдың қарашасында аяқталады, ал жөндеу жұмыстары – 2019 жылы желтоқсанында. Бүкіл инженерлік жүйе, инфрақұрылым, вокзал аумағын кеңейту, күту залы және негізгі платформа бәрі қарастырылып, жаңартылады", — деді ол.

Көрпебаевтың сөзіне сүйенсек, Алматы-2 вокзалын қайта құру жобасы да биыл жасалады. Ал жөндеу жұмыстары 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Жаңалықтар
0