09:43 21 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD375.91
  • EUR416.85
  • RUB6.10
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
122101

Екі көліктің жүргізушілеріне сақтандыру полисі мен балалар автокреслосының болмауына байланысты айыппұл салынған

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Ақтауда "Той кортежі" атты жедел профилактикалық шара барысында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері айыппұл тұрағына жіберілді.

Алғашқы тоқтатылған той кортежінде бір дегенде екі құқық бұзушы анықталған: жас жұбайларды әкеле жатқан жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екен, ал тағы бір көлік иесінің де сақтандыру құжаты мен балалар автокреслосы болмапты. Полицейлер хаттама толтырып, көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтті. Осылайша жас жұбайлар көліктерін ауыстыруға мәжбүр болған.

Осы шара барысында салынған айыппұлдың жалпы көлемі отыз алты мың теңге болды. Полиция мұндай амалдарды жиі орындап тұруға уәде берді.

Кілт сөздер:
жедел профилактикалық шара, той кортежі, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырып