17:21 25 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD354.12
  • EUR416.73
  • RUB5.37
Бөгет

Батыс Қазақстанда 70 миллион теңгеге салынған жаңа бөгетті тасқын су бұзып кетті

© Foto : КЧС МВД РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
122 0 0

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бөгет жауын-шашынның мол түсуі салдарынан бұзылған

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстанда былтыр жөнделген бөгетті су бұзып кетті.

"Уральская неделя" өңірлік басылымы жазғандай, өткен жылы күзде бөгетті жөндеуге 70 миллион теңге жұмсалған екен.

 

"Биыл шынымен қар қалың жауды. Қар күр еріп, су молайған кезде бөгет шыдас бермеген. Облыс әкімі тапсырмасымен мердігер кепілдендірілген міндеттемелер аясында бөгетті қайта жөндеп береді. Жобалаушылар да жауапқа тартылмақ", — деп мәлімет берді өңірдің әкімдігі Sputnik Қазақстанға

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылған.

Кілт сөздер:
су тасқыны, бөгет, Батыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар