21:25 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Су басу, архив сурет

Батыс Қазақстан тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр

© Sputnik / Елена Бережная
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
152 0 0

Қар күрт еріп, ауыл көшесінің бір бөлігін су алып кеткен, деп хабарлады Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиев

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қар күрт еріп, ауыл тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

Видеоны Тасқала ауданының ауыл тұрғыны түсіріп жіберіпті. Мектепке апаратын жолды су алып кеткен. Қайықта отырған ер адамның айтуынша, бұл Чижа-2 ауылындағы Бельский көшесі. 

"Мектепке қайықпен барамыз", — дейді ер адам.

Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиевтің айтуынша, қар күрт еріп, көшенің біраз бөлігін су алып кеткен. Мектепке жаяу жетуге де болады екен. 

Ауылдағы үйлерге су кірмеген.

Кілт сөздер:
су басу, Батыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып