Өңірлер

Сегіз облыста дабылды ескерту жарияланды

© Photo : ДЧС Кызылординской областиСырдария өзенінде су деңгейінің көтерілуі, архив
Сырдария өзенінде су деңгейінің көтерілуі, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Еліміздің сегіз облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

"14-15 сәуірде Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы өзендерде жылы ауа райының сақталуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты қар еріп, ағын су, мұз кептелістері қалыптасып, су деңгейі көтеріледі және судың арнасынан шығу қаупі бар", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Сондай-ақ 14-15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде де су деңгейі көтеріліп, су жайылады деп болжанып отыр. 

 

Жаңалықтар
0