Өңірлер

Whats App-та балағат сөз жазған әйел сот алдында жауап берді

© Sputnik / Болат ШайхиновТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Whats App мессенджеріндегі ата-аналар чатында болған жайттың салдарынан "тіл тигізген" әйел сот алдына келді

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қарағандыда сот интернет-чатта ата-аналардың біріне тіл тигізу жайты бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Қазыбек би аудандық соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.

компьютер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Facebook желісінде балағат сөз жазып пікір қалдырған ер адам 4 тәулікке қамаққа алынды

Әйел адам сот алдында басқа бір оқушының анасына "тіл тигізді" деген бап бойынша сот алдына келді. Анықталғандай, екі әйелдің балалары №45 гимназияның екінші сынып оқушысы екен, екеуі де Whats App мессенджеріндегі ата-аналар чатында болған. 

Биыл қаңтардың ортасында қатты аяз болғанына қарамастан, ата-аналардың бірі сынып жетекшісіне сабақ өткізуді ұсынады. Сөйтіп олар бұл мәселені ортақ чатта талқыламақ болған. Бұған жауап ретінде басқа бір оқушының анасы балағат сөз жазыпты.  Ол бұл үшін кешірім сұрап, балағат сөзді өшіріп тастайды. Алайда тіл тиген әйел скриншот жасап үлгеріпті. 

Сотталушы бұл оқиға Т9 редакторының кесірінен болғанын алға тартты. Сот әйел адамды кінәсіз деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0