Өңірлер

Қостанайда жүргізуші әжейді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

© Photo : Рixabay/StockSnapЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай полициясы қарт әйелді қағып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Әжейді қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды alau.kz жергілікті басылымы.

Жол апаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Аялдамада әйелді көлік қағып өлтірді – жантүршігерлік сәттің видеосы жарияланды

Жол апаты оқиғасы 4 сәуірде сағат 10.00 кезінде болған. Белгісіз біреулер жолдан өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Туған-туыстарының айтуныша, әжей есінен танып қалып, қазір көптеген жарақатпен ауруханада жатыр. Жәбірленуші көліктің ашық түсті Audi екенін ғана есте сақтапты. 

Полиция іздеу шараларын жүргізіп жатыр.


Жаңалықтар
0