12:02 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
ауа райы, архив

Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
414 0 0

14-16 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қазақстанның оңтүстігіне Ираннан белсенді бұлтты сілем ығысып, жексенбі және дүйсенбі  жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келеді. Суық фронттың өтуіне байланысты бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысында температура нормаға жақын болады", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Қазақстанның солтүстігіне антициклон жылжып келеді, оның ықпалынан жауын-шашын уақытша тоқтайды деп болжанып отыр.

Батыс Сібірден келетін суық арктикалық фронттың ықпалынан тағы жаңбыр жауып, қар аралас жаңбыр жауады. 

Батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 1-3°С төмен болады.


Басты тақырыптар