11:59 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
қару, архив

Атырау тұрғыны аңшылық кезінде адамды қасқыр деп ойлап, атып түсірген

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
46 0 0

Сот "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян тигізу" бабы бойынша үкім кесті

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Атырау облысында сот аңшылық кезінде адамға оқ ату ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Атырау сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қылмыстық кодекстің "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян тигізу" бабы бойынша айып тағылды. 

Оқыс оқиға биылғы жылдың қаңтарында болған. Сотталушы досымен бірге Атырау маңындағы орманға аң аулауға барады. Бір уақытта ағаштың түбінде отырған ол 30 метрдей жерде қасқырға ұқсас екі сұлбаны байқап қалады. Аңшы оның қасқыр екеніне көз жеткізбей, бұтаққа жаққа қарай оқ атады. Адамның даусы шыққан соң жүгіріп барған ол жерде қансырап жатқан ер адамды көреді. 

Сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын, бұрын сотталмағанын ескере отырып, бостандығын бір жылға шектеу туралы шешім шығарды. 


Кілт сөздер:
оқ, аңшылық, сот үкімі, қару, Атырау

Басты тақырыптар