03:22 22 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Өрт

Петропавлда полицей қарт кісіні өрттен құтқарды

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Полицей өз өмірін қауіпке тігіп, түтінге тұншығып қала жаздаған зейнеткерді құтқарды

АСТАНА, 14 cәуір — Sputnik. Петропавлда полицей өз өмірін қауіпке тігіп, жетпіс үш жастағы зейнеткерді өрттен алып шықты, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

ІІД атап өткендей, Петропавлдың ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкері Сұлтан Қуанышевтың ерлігі туралы видеоматериалдан белгілі болған.

"Аға сержант Руслан Матеновпен бірге күндіз 19-шы шағын ауданда қызметте жүрген еді. Өрт туралы хабар түскен соң, бес минутта оқиға орнына жетіпті. Көршісінің айтуынша, өртке оранған үйде иесі қалып қойған екен. Руслан төңіректі қарап жүргенде, Сұлтан Қуанышев түтінге оранған үйге кіріп, иесін шақырады. Бірақ оның дауысына ешкім белгі бермеген. Әрі түтіннен түк көрінбепті", — деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Полицей терезені ашып, ер адамды еңбектеп іздей бастайды. Сөйтіп, есінен танып қалған үй иесін тауып алған. Сыртқа алып шығып, қарт кісіні жедел жәдемге тапсырады. Қарияның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бірнеше күн күрескен.

  • Полицей өртке оранған үйден қарияны құтқарып алды
    Полицей өртке оранған үйден қарияны құтқарып алды
    © Foto : ДВД Северо-Казахстанской области
  • Полицей өртке оранған үйден қарияны құтқарып алды
    Полицей өртке оранған үйден қарияны құтқарып алды
    © Foto : ДВД Северо-Казахстанской области
1 / 2
© Foto : ДВД Северо-Казахстанской области
Полицей өртке оранған үйден қарияны құтқарып алды

"Ерлігі үшін мың алғыс. Беті бері қарайтынына үмітіміз аз еді. Сегіз күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Полицейлердің қызметі туралы бұл олардың міндеті деп санаймыз. Бірақ сол сәтте олардың болмауы да мүмкін еді ғой", — деп зейнеткердің әйелі  Галина Махметова полицейлерге алғысын білдірді.

Кілт сөздер:
полицей, қарт, өрт, СҚО

Басты тақырыптар