Өңірлер

Алматы облысында өлі күйінде табылған сарбаз тілші болып істеген

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуӘскери
Әскери - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22 жастағы Абай Хамзин Екібастұз қаласында тұрып, жергілікті телеарнада тілші болып істейтін

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Алматы облысы әскери бөлімшелерінің бірінде өлі күйінде табылған сарбаз Екібастұз қаласының тілшісі болып шықты, деп хабарлайды pavlodartoday.com.

Максат Шишимбаев (слева) - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда мерт болған сарбаздың анасы оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 сәуірде Алматы облысы шекара аумағында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың денесі табылды. Бас әскери прокуратураның ресми хабарламасы бойынша, сарбаздың өзін-өзі өлтіруіне әскери қызметіне қатысы жоқ жеке мәселелер себеп болуы мүмкін. 

Порталдың мәліметіне сүйенсек, 22 жастағы Абай Хамзин Екібастұзда тұрып, жергілікті телеарнада тілші болып істеген. Әскерге кетпес бұрын жергілікті жаңалықтардың қаһарманы болып, шекаралық әскерге борышын өтеуге баратынын мәлімдепті. Сарбаз бес айдан соң туған жеріне оралуы керек еді.

Абай отбасының үлкен ұлы екен, Павлодарда оқуын тәмамдап, тілші дипломын алған. Жас жігіттің алдына қойған мақсаты көп болатын. Болашақта үйленгелі жүрген қызы Замира Солтан қайғылы оқиғаны естігенде, сүйіктісінің өз-өзіне қол салғанына сенбейтінін мәлімдеген. 

Аталмыш дерек "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0