11:51 23 Сәуір 2018
Тікелей эфир
Даниал Ахметов

ШҚО әкімі 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты: ата-анасынан кешірім сұрадық

© Foto : предоставлено пресс-службой акима ВКО
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
311 0 0

ШҚО әкімдігі қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып, кешірім сұраған

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласы әкімі орынбасарының жас жігітті қағып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл шынымен де қайғылы жағдай. Кеше ол (Риддер әкімінің орынбасары –автор ескертп.) қамауға алынды. Бүгін біздің құқық қорғау органдары тиісті процедураны жалғастырып жатыр. Марқұмның ата-анасына көңіл айтып, кешірім сұрадық. Енді сот тергеуінің аяқталғанын күтемі", — деді Ахметов үкімет отырысынан кейін. 

Әкім өз тапсырмасы бойынша ашық тергеу жүріп жатқанын атап өтті. 

Еске салып өтсек, Риддер әкімінің орынбасары 19 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірді. Жол-көлік оқиғасы кезінде 45 жастағы жүргізуші мас болған. 

Қазір шенеунік уақытшы ұстау абақтысында отыр, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кілт сөздер:
кісі қағып өлтіру, Даниал Ахметов, ШҚО

Басты тақырыптар