Өңірлер

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 14 жастағы қыз табылды

© Photo : РixabayЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер оқушыны екі тәулік іздеген. Оның үйден не үшін кетіп қалғаны жақында белгілі болады

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Алматы облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған Қошмамбет ауылының жас тұрғынын іздеп тапты, деп хабарлады өңірдегі ІІД баспасөз қызметі.

Қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семейде бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

Кәмелетке толмаған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама Қарасай АІІБ-ге 17 сәуір күні түскен, полиция қызметкерлері қыздың туыстарын, мұғалімдері мен облыстық полицияның іздеу бөліміндегі әріптестерін тарта отырып, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған.   

"Қыз Алматыдан табылды, қазір Қаскелең қаласындағы Қарасай АІІБ-ге алып бара жатыр, сол жерде туыстарының қолына тапсырылады ", — деп хабарлады облыстық полиция.

Таяу уақытта полицейлер оның үйден не үшін кетіп қалғанын анықтайды.   


Жаңалықтар
0