Өңірлер

Даулы атаулар: Әкім Ақтөбе аудандары неге "Астана" мен "Алматы" деп аталғанын түсіндірді

© Sputnik / Айгюзель КадирАқтөбе
Ақтөбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, халық арасында жүргізілген сауалнама кезінде ең көп ұсынылған атаулар "Астана" мен "Алматы" болған

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығында құрылған жаңа екі ауданға "Астана" мен "Алматы" атауларының берілу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Хиджаб - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сапарбаев Ақтөбе облысында хиджаб мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

"Ақтөбе қаласындағы екі ауданға қатысты айтар болсам, біріншіден, Қазақстанда заң бар. Егер облыс орталығында тұратын халық саны 400 мыңнан асатын болса, орталықтың экономикалық дамуы, болашағы болса, онда сол облыстың орталығы аудандарға бөлінеді делінген. Осы тәртіпті негізге ала отырып, біз ұсыныс жасадық. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 480 мың адам тұрады. Қала қарыштап дамып жатыр. Оның үстіне сіздер білесіздер, Қазақстанда төрт агломерация орталығы бар: Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе. Осының бәрін ескере келе екі ауданға бөлінді. Мұны мәслихат та, үкімет те қолдады", — деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Одан кейінгі мәселе екі ауданға атау беруге қатысты болған. 

"Атау беру жөнінде де заң, нормативтік құжаттар бар. Онда қандай тұлғалардың, қандай жерлердің атын беруге болатындығы жазылған. Халықтың пікірін де ескеруіміз керек, әрине. Арнайы жұмыс тобы құрылып, екі жерде қоғамдық тыңдау өткізді. Ол тыңдауға мүмкіндігінше көп адам қатысты. Оның алдында халық арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамада неше түрлі аттар ұсынылды: Әбілқайыр, Абай, Есет батыр және тағы басқа. Сазды, Елек өзендерінің аты және Астана мен Алматы атаулары да болды. Біз соның бәрін талдап, іріктегенде ішіндегі көп ұсынылған Астана мен Алматы атаулары болды. Ең көп ұсынылған атаулардың тізімін қоғамдық кеңеске ұсындық. Ал ұсынылған тізімде Сазды мен Елек өзендерінің атауы болған жоқ. Ұсынымызды көпшілік құптады. Республикалық ономастика комиссиясы, қалалық, облыстық мәслихаттың депутаттары да осы екі атауды қолдады", — деді Сапарбаев. 

Осылайша, оның айтуынша, шешім қабылданған.

Көліктер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбе облысында ауыл әкімдері жаңа көлік мінді

"Қаланың бір бөлігі Астана, екінші бөлігі Алматы болады. Менің ойымша, егер болашақты ойласақ, Астана мен Алматы атаулары дұрыс. Біз осы екі қаланы насихаттауымыз керек, дүниежүзіне танытуымыз керек.  Жалпы, қарсы болғандардың да бар екенін білемін. Тіпті әлеуметтік желіде дауыс жинаймыз деді, мүмкін жинағандар да бар шығар. Мен бастамашы топпен кездесіп, түсіндіріп айттым. Елек өзені Қазақстаннан басталып, Ресейден аяқталады. Сонда бұл кімнің өзені болады? Сазды кішкентай ғана өзен. Оның үстіне тізімде жоқ. Біз әр уақытта көпшіліктің пікіріне құлақ асуымыз керек. Ал бес-алтауының айтқанын тыңдасақ, алысқа бармаймыз. Қазір бұған қатысты еш мәселе жоқ", —деді ол.

Жаңалықтар
0