Өңірлер

Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Макс Ветров / Медиабанкке өтуЖел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қатты жел соғып, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер: алдағы күндері қар жаууы мүмкін

"24 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, кей жерлерде найзағай ойнайды, тұман түседі. 24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. 25 сәуірде түнде таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Тараз қаласында 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда", — делінген хабарламада. 

24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын; 24-25 сәуірде Қызылорда облысының кейбір аудандарында солтүстік, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жел соғып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Жаңалықтар
0