21:21 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Мемлекеттік қордан баспана алғанша тұрғындар әкімдік жалдаған пәтерлерде тұрады

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Петропавлда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына жалдамалы баспана берілді, деп хабарлады қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Бауыржан Бейсембаев.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, қала әкімдігі баспана комиссиясының шұғыл кездесуін өткізген.

"Апатты жағдайдағы баспананың иелері — екі отбасыға жалдамалы пәтер ұсынылды, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезегі келгенше сонда тұра алады", — деп хабарлады Бейсембаев.

Апаттық жағдайдағы үйде тұратын үшінші отбасында пәтердің тиісті құжаттары жоқ екен әрі баспана алу үшін кезекке тұрмаған, олар уақытша жатақханаға орналастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 21 сәуірде "Береке" шағын ауданында болған. Сағат үш кезінде Уральская, 4 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің қабырғасы құлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Кілт сөздер:
қабырғасы қирады, жалдамалы баспана, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып