Өңірлер

Мамырда ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Болат Шайхиновауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы ай жылы және жауын-шашынды болады

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қазгидромет мамыр айына консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жалпы, мамыр жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында жауын-шашын нормадан  аз түседі.

Ауаның орташа айлық темпертурасы Атырау, Манғыстау, Батыс Қазахстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазахстан облыстарында мөлшерден 1°С жоғары  болады, ал қалған аймақтарда нормадан аспайды.

"Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Манғыстау, Батыс Қазахстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазахстан, Жамбыл, Алматы облыстарынын басым бөлігінде, Шығыс Қазахстанның кей жерлерінде  мөлшерден көп  болады, ал қалған аймақтарда мөлшер шамасында". – деп хабарлайды синоптиктер. 


Жаңалықтар
0