Өңірлер

Қарағанды облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деп айыпталып отыр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСотталушының архивтегі фотосы
Сотталушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның денесі үш тәулік бұрын жасанды су қоймасының жағасынан табылған еді

АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Жол полициясының бұрынғы сержанты адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізуші рөлде темекі тартып келе жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шығыс Қазақстанда әкімнің орынбасары 19 жастағы жігітті қағып өлтірді

Полицияның мәліметінше, осы жылдың 30 сәуірінде Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылының маңындағы жасанды су қоймасының жағасынан ер адамның мәйіті табылды. 38 жастағы ер адамның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар. 

"Жедел іздестіру шаралары барысында Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды", — делінген хабарламада. 

Белгілі болғандай, жас жігіт бұған дейін Теміртау ІІБ жол-патрульдік полициясында сержант шенінде жұмыс істеген. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Жаңалықтар
0